Қарағандыда таксист әйелді өлтірген күдікті ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Полиция қызметкерлері қарағандылық таксист әйелді өлтірген күдіктіні ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қарағандыда таксист әйелді өлтірген күдікті ұсталды

Еске сала кетейік, Қарағанды маңындағы Ақтаста такси қызметінде жұмыс істейтін әйелдің мәйіті табылғандығы туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.

Қарағанды облысы ішкі істер департаменті баспасөз қызметі басшысы Бақытжан Құдияровтың сөзіне қарағанда, жоғары аталған кісі өліміне қатысты 35 жастағы  Шахтинск қаласының тұрғыны ұсталған.

«Күдікті жедел-іздестіру шаралары барысында ұсталды. Бұған дейін сотталған. Алдын ала мәліметтер бойынша жол ақысын төлеу бойынша шыққан жанжал соңы адам өліміне ұласқан. Күдікті уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды», - деді Бақытжан Құдияров.

Көз жұмған әйелге тиесілі «Мерседес» автокөлігі күдіктіден тәркіленді.