Қарағандыда Тәуелсіздік монументі бой көтерді - Елбасының сапары

РАҒАНДЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағандыда қаланың тәуелсіздік алаңында жаңа Тәуелсіздік монументі бой көтерді.
None
None

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қарағанды облысына жасаған жұмыс сапарының соңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай облыс орталығында бой көтерген жаңа монумент пен абаттандырылған алаңды қарап шықты.

Монументтің биіктігі 47 метр, салмағы 16 тонна. Нағыз ақ гранитпен қамтылған монумент шарда отырған екі қыраннан және тәуелсіздіктің белгісі ретіндегі күннен тұрады. Монументтің төрт жағына тұлпарлар салынған.

Олардың қанаттары арасында алқалар, ал монумент сыртында Қаақстан Республикасының Елтаңбасы мен Мемлекет басшысының Тәуелсіздік туралы нақыл сөздері жазылған.

«Барлық элементтерге алтын жалатылған. Бұл үшін Ресейден арнайы шеберлер шақырылды», - деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Авторлардың ойлағанындай, алтын тұлпарлар рухтың белгісі. «Тұлпарлар бүгінгі күнді тарихта қалған ұлылық және жарқын болашақпен жалғастырады. Ал алаңда тәуелсіздігіміздің жарқын жолын көрсететін ақ жол жүргізілген», - дейді авторлар.

Осы жылдың сәуір айынан бастап Тәуелсіздік алаңын аббатандыру мен қайта құрастыру жұмыстары жүргізіле бастаған. Қыркүйек айында су бұрқақ ашылған болатын», деп толықтырылған баспасөз қызметтің таратқан ақпаратында. Оның мәліметі бойынша, алаңның абаттандырылуы мен монументтің құрылысына бюджеттен 287,6 млн. теңге бөлінген.

Соңғы жаңалықтар