Қарағандыда тұрғын үйдің опырылып құлауы салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ

Бұл туралы Қарағанды облысы ТЖД бастығының орынбасары Мұрат Қатпанов хабарлады.
«Бүгін сағат 10:55-те Бесоба кешеніндегі №7 үйдің екінші блогы құлады. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Бүгін таңертеңнен бастап үйдің апаттық бөлігінің қисаюы күшейгеніне байланысты бірінші блоктың барлық 4 кіреберісінің тұрғындары көшірілді», - деді М.Қатпанов. Оның айтуынша, күн сайын үйдің апаттық бөлігі орташа алғанда 10 сантиметрге еңкейіп, бүгін ауытқушылық 70 сантиметрге дейін жетті.
Қазіргі уақытта ТЖ аймағы қоршалып, оқиға орнына облыстық ТЖД құтқару-жедел жасағының күштері келді, бірақ үйінділерді жинау жұмыстары әзірше басталған жоқ.
Облыстық ІІД бастығы орынбасарының айтуынша, бақылау жүргізіліп, ТЖ орнын кинолог мамандар тексерді. Мұнда сондай-ақ қажеттілік туған жағдайда үй тұрғындарына психологиялық қызмет көрсететін зілзала орталығының мамандары жүр.
Тұрғындармен Қарағандының әкімі Бауыржан Әбдішев әңгімелесті. Оның айтуынша, ТЖ себептерін тергеу және зардап шеккендерге көмек көрсету бойынша комиссия құрылып жатыр.