19:23, 20 Маусым 2016 | GMT +5
Қарағандыда түйнеме - Сібір ойық жарасына шалдықты деген күдікпен 5 адам ауруханаға жатқызылды
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда облыстық инфекциялық ауруханаға түйнемеге шалдықты деген күдікпен ауылдың бес тұрғыны жатқызылды. Бұл туралы Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса хабарлады.

19 маусымда кешке Шет ауданы Еркіндік ауылының бес тұрғыны бөртпемен облыстық инфекциялық ауруханаға жеткізілді.
«Олар ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптамалар алынды. Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бірнеше күннен кейін шығады», - деді А. Иса.