Қарағандыда уланған балалардың тағы бірі ауруханада көз жұмды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағандының көпсалалы балалар ауруханасында арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығынан түскен балалардың бірі бүгін көз жұмды. Дәрігерлердің алдына ала қорытындысы бойынша, баланың көз жұмуына жүрек жеткіліксіздігі себеп болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қарағанды ауруханаларында арнайы әлеуметтік қызметтер орталығынан түскен балаларды емдеу жалғастырылып жатыр. Алайда, дәрігерлердің барлық әрекеттеріне қарамастан, бір науқасты құтқару мүмкін болмады.

«Көпсалалы қалалық балалар ауруханасында жатқан 2012 жылғы бала 28 тамызда қайтыс болды. Баланың жағдайы басынан өте ауыр еді. Терапия тактикасы республикалық мамандармен үнемі талқыланып отырды. Баланың қайтыс болуының себебі - жүрек жеткіліксіздігі», - деп хабарлады Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Тағы бес бала жан сақтау бөлімінде ем алып жатыр. Олардың жағдайы тұрақты ауыр.

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бірнеше бала уланып, оның біреуі қайтыс болды, алтауы жансақтау бөліміне жатқызылды.


Соңғы жаңалықтар