Қарағандыда үйлерінен есірткінің үш түрі табылған ер адам мен әйел адам қамауға алынды
АСТАНА. 12 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қарағанды қаласы ІІБ есірткі бизнесіне қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері «Мак - 2013» жедел алдын алу шараларын жүргізу барысында 43 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелді ұстады. Олардың үйін тінту кезінде шкафтан полимерлі пакетке салынған жасыл түсті өзгеше иісі бар зат тәркіленді.
Бұл туралы Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.
Сонымен қатар, жатын бөлмеден фольгаға оралған, ішінде ақ сұр түсті өзгеше иісі бар ұнтақты зат және ішінде ашық жасыл түсті өзгеше иісі бар ұнтақты зат салынған полимерлі пакет табылды.
Сараптаманың қорытындысы бойынша, тәркіленген заттар есірткі заттары болып табылады, олар: 1 грамға жуық марихуана, 1 грамнан артық героин және 1 келіден артық гашиш. Қазіргі уақытта ұсталғандар уақытша қамау изоляторына тоғытылды, тергеу жүргізіліп жатыр.