Қарағандыда үздік тергеушілер анықталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облыстық Полиция департаментінде үздік тергеуші, үздік тергеу бөлімшесі, үздік криминалист, криминалистикалық бөлімше және үздік ауылдық тергеу бөлімшесі анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қарағанды облысының полиция департаментінде өңірдің тергеу және жедел-криминалистикалық бөлімшелерінің жұмыстары қорытындыланды.

Жиында үздік бөлімшелердің жұмысы атап өтілді, ерекше көзге түскен қызметкерлер грамоталармен марапатталды.

Қарағанды облысының ең үздік тергеушісі деп Сәтбаев қаласы полиция бөлімінің аға тергеушісі, полиция аға лейтенанты Мақсат Кенжебек танылды. Ол сондай-ақ, таэквондодан әлем чемпионы, қоян-қолтық ұрыстан Азия чемпионы болып табылады.

Сонымен бірге, Сәтбаев қаласының ПБ тергеу бөлімшесі аймақтың ең үздік тергеу ұйымы болып танылды.

Приозерск қаласының ПБ үздік ауылдық тергеу бөлімшесі болып танылды.

Қарағанды облысының ең үздік криминалисі Сұлтан Жандыбаев атанды.

Қарағанды қаласының Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің жедел-криминалистикалық бөлімшесі де үздіктер қатарынан көрінді.


Соңғы жаңалықтар
Референдум