Қарағандыда валюта айырбастау пунктін тонап кетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда валюта айырбастау бекетін тонап кеткен 2 қылмыскер іздестірілуде. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Өткен түнде Қарағанды қаласында валюта айырбастау бекетіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде таққан екі адам ғимаратқа кіріп, кассирді пышақпен қорқыту арқылы 3 млн 900 мың теңге, сондай-ақ 950 доллар, 2 650 еуро және 120 мың рубль алып кеткен. Күдіктілердің аты-жөндері анықталды, оларды ұстау шаралары қабылданып жатыр», - деді Алмас Садубаев.