Қарағандыда жалған хабарлама салдарынан сауда орталығынан 500 адам эвакуацияланды (ФОТО)

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы «Орталық универсам дүкені» сауда орталығында жарылғыш құрылғы ізделді.

7 маусымда, сейсенбі кешке қарай ірі сауда орталығы орналасқан қала алаңы қоршауға алынды. Оқиға орнында жедел қызмет және полиция қызметкерлері іске кірісіті.

«Сағат 19.35-те Қарағанды ІІБ ЖБО 102 телефонына ОУД-да жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына жедел қызметтердің барлығы келіп жетті. ІІД саперлары ғимаратты толық тінтіп шықты, жарылғыш құрылғы табылмады. Сағат 20.45-те іздеу тоқтатылды», - деп мәлім етті облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Оның айтуынша, оқиғаға байланысты сауда орталығынан келушісі бар, қызметкері бар 500-ге жуық адам эвакуацияланды.

«Полиция қызметкерлері қоңырау шалынған телефон нөмірін анықтады. Қазір күдіктіні анықтау және қолға түсіру шаралары жасалуда. Материал бірыңғай сотқа дейінгі тергеулер тізілімінде ҚР ҚК 273 бабы бойынша (Қасақана терроризм актісі туралы жалған хабарлау) тіркелді, сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Б. Құдияров.

null null null null  

Соңғы жаңалықтар