Қарағандыда жалпықалалық «Соңғы қоңырау» өтті
«Биыл Қарағанды мектептерін 2 448 оқушы аяқтайды. Олардың 78-і «Алтын белгі» мен үздік аттестатқа үміткер», - деп хабарлады қалалық білім беру бөлімінен.
Биылғы жалпықалалық «Соңғы қоңырау» Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдық мерейтойын ескере отырып, «Мәңгілік алау» мемориалына гүл шоқтарын қою рәсімімен басталды. Әрбір он бірінші сынып оқушысының кеудесіне дәстүрлі түлектер лентасы мен қоңырау белгісінен басқа, «георгиевтік» лента тағылды.
Одан кейін оркестрдің сүймелдеуімен түлектер өз құрметтеріне арналып мереке шара өткен Орталық саябаққа бет алды. Түлектерді қала басшылығы, «Нұр Отан» ХДП өкілдері құттықтады. Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен ұстаздар өз тілектерін білдірді.
Жалпықалалық «Соңғы қоңырау» салтанатына қатысқан Қарағанды мектебінің ең үздік 200 түлегі «Ойшылдар мен білімпаздар», «Жас дарындар», «Елдің олимпиадалық резервтері» аталымдары бойынша атап өтілді.
Бата беру рәсімінен кейін түлектер Отанға адал болуға ант берді.