Қарағандыда жаңа Азаматтық процестік кодекс нормаларының қолданылуы талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Қарағанды облыстық сотының оқу орталығы «2015 жылғы 31 қазандағы жаңа Азаматтық процестік кодексінің нормаларының қолданылуы» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізді.
None
None

Дөңгелек үстелдің жұмысына облыстық соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасының судьясы Г.Ыбыраева, аудандық соттардың төрағалары мен судьялары, аралық судья Т.Соловьева, прокуратураның, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Г.Ыбыраева жаңа Азаматтық процестік кодекстің азаматтық істерді қараудың тиімділігін, жеделділігін және бейтараптығын арттыруға, сот төрелігін атқарудың сапасын жетілдіруге, сот билігін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Іс-шара барысында Қарағанды қаласының Октябрь аудандық сотының судьясы И.Демидованың жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актілерін қайта қарау, Теміртау қалалық сотының судьясы А.Романюктың бітімгершілік рәсімдер, Абай ауданының №2 аудандық сотының судьясы А.Булгакбаеваның талап арызды қайтару және қабылдаудан бас тарту, Қазыбек би ауданының №2 аудандық сотының судьясы Ж.Смағұлованың аралық соттардың шешімдері бойынша атқару парақтарын беру, Аралық сотының судьясы Т.Соловьеваның Азаматтық процестік кодексін қолдану тәжірибесі тәрізді тақырыптар бойынша баяндамалары тыңдалды.

Дөңгелек үстелге қатысушылар талқылау қорытындысы бойынша ой-пікірлерін айтып, бірқатар ұсынымдар қабылдады.

Соңғы жаңалықтар