15:11, 09 Мамыр 2009 | GMT +5
Қарағандыда жаңа Жеңіс саябағы ашылды
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 9-ы. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ – Бүгін таңертең қарағандылықтар дәстүр бойынша Мәңгілік алаудың маңына жиналып гүл шоқтарын қойды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Осы салтанатқа Ұлы Отан соғысының ардагерлері, облыс және қала басшылары қатысты.Одан кейін Ұлы Жеңістің 64 жылдығына арналған салтанат жаңа Жеңіс саябағында жалғасын тапты. Оның салтанатты ашылуы бүгін болды. «Жеңіс үшін қан төккендерге деген құрметіміз қашан да арта бермекші. Осы саябақ от ортасынан оралмағандарды еске түсіретін орынға айналады. Арамызда жүрген ардагерлер алдында біздер қашан да басымызды иеміз», ? деді Қарағанды облысының әкімі Нұрлан Нығматулин.
Аға буын атынан Ұлы Отан соғысының ардагері, Қарағанды қаласының құрметті азаматы Николай Пастухов сөз сөйледі. Ол облыс басшылығына көрсеткен құрметтері үшін алғысын білдірді.