Қарағандыда Жаңа жылдық шыршаның шамдары жағылды

РАҒАНДЫ. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды қаласында кеше кешке жаңа мұз айдыны сарайының алаңында орналасқан Жаңа жылдық шыршаның шамдары жағылды.
None
None

Жасанды жасыл шыршаның биіктігі 25 метр. Шырша жылтырауықтармен безендірілген. Қаланың басты шыршасын Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов жақты.

Салтанатты мерекелік отшашу жалғастырды.

Қала әкімінің берген ақпараты бойынша, Қарағандыда 59 шырша орнатылған. Олардың барлығы жасанды. Қаланың безендіру жұмыстарына қаражатты бизнес құрылымдар бөліп отыр. Айта кетейік, бюджет 6 шыршаны, сондай-ақ 25 метрлік бас шыршаны орнату үшін қаржы бөлді. Қалған шыршалардың биіктігі 6-дан 20 метрге дейін. Қаланың жаңа жылдық безендірілуіне бюджеттен 5 млн. теңге ақша бөлінген.

Соңғы жаңалықтар