16:46, 22 Қараша 2010 | GMT +5
Қарағандыда жаңажылдық бас шырша орнатылды, биылғы жылы ол жасанды
ҚАРАҒАНДЫ. 22 қараша. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда орталық алаңда жаңажылдық бас шырша орнатылды, биылғы жылы ол - жасанды.

«Біз табиғатты қорғау үшін жасанды шырша орнатуды шештік. Биылғы жылы біз қалалық әкімдік жанында өсіп тұрған тек бір табиғи шыршаны безендіреміз. Өзге жаңажылдық шыршалар жасанды болмақ», - дейді Мәдениет және демалыс саябақтары қалалық басқармасы директорының орынбасары Олег Хмелинин. Оның айтуынша, бас шырша үшін жасанды бұтақтар Алматыдан сатып алынды, барлығы қаланың мерекелік безендірілуіне бюджеттен 3,5 млн. теңге бөлінді.
Бас шыршаның ашылуы 1 желтоқсанға жоспарланған. Оның биіктігі 22 метр.