Қарағандыда «Жас заңгер-2011» байқауы аяқталды

ҚАРАҒАНДЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыда облыстағы орта мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында «Жас заңгер-2011» атты байқау болып өтті.
None
None

Бұл туралы Қарағанды облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлап отыр. «Жоғарғы оқу орындарымен ынтымақтастық жөнінде қол қойылған меморандум аясында облыстық соттың судьялары «Жас заңгер-2011» байқауына қатысушылардың жұмыстарын рецензиялауға қатысты, байқау Қарағандыдағы «Болашақ» университетінің бастамасы бойынша ұйымдастырылған», - деп мәлімдеді облыстық соттың баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметтің ақпаратына сүйенсек, байқауға қазақ тілінде 118 шығарма, орыс тілінде 98 шығарма, барлығы 216 жұмыс қабылданған. Солардың арасындағы 36 шығарма жақсы жазылған деп бағаланды.

Облыстық соттың төрешілері қазақ тіліндегі Самал Жүнісованың «Тәрбиелеу колониялары: қарсымын немесе қолдаймын» атты шығармасы мен орыс тіліндегі Нафиса Инсенбаеваның «Мектептегі қылмысқа қарсы күрес» тақырыбындағы шығармасын ең үздік деп танып, ерекше баға берді. Бұл жұмыстар Қарағанды облыстық сотының мақтау қағаздарына ие болды.

«Және де олар байқаудың жеңімпаздары болып табылады. Марапат ретінде оларға бірінші жыл ішінде «Болашақ» университетінде тегін білім алуға рұқсат беретін сертификаттар табыс етілді», - деп түйінделген облыстық соттың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Соңғы жаңалықтар