Қарағандыда жастарға арналған тегін коворкинг-орталық ашылды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандының жастар саясаты басқармасы жанынан GOOD ZONE коворкинг-орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қарағанды облысы әкімдігінің ресми порталына сілтеме жасап.

«Аталған орталықта жастар өздеріне қажетті жұмыстарымен емін-еркін айналысып, семинар, конференция, іскерлік кездесулер мен өзге де қажетті шараларды өткізе алады. Ұйымдастырушылар орталық мемлекеттік жастар саясатын тиімді жүзеге асыруға жағдай жасайды дейді»,-деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Мұнда өзін-өзі дамыту жұмыстары бойынша тренингтер өткізу үшін көмек алуға, заңдық кеңестер мен IT және маркетингтік консультациялар алып, оларды іс жүзінде жүзеге асыру жолдарын талқылауға болады.

Өзінің шығармашылық мүмкіндіктерін немесе бизнесін кеңейту үшін коворкингке келген әрбір азамат орталықтан өзіне қажетті мамандарды тауып, олардың көмегіне жүгіне алады.

Коворкинг-орталық үш бөлікке бөлінген. Олар: негізгі зал, шағын зал мен келіссөздер кабинеті. Мұнда кез келген күні сағат 10.00-ден бастап, кешкі 9.00-ге дейін келуге болады. Қызметтер тегін көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар