Қарағандыда жауынгердің қазасы бойынша қылмыстық іс тергелуде

 ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы №5451 әскери бөлімшесі аумағындағы тіркеме мен автокөлік арасында қалып қойған қатардағы жауынгер Тимур Перметовтың қазасы қылмыстық іс аясында тексеріліп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Қарағандыда жауынгердің қазасы бойынша қылмыстық іс тергелуде

Сотқа дейінгі қылмыстық істі ІІМ әскери-тергеу басқармасы орталық өңірінің қарағандылық бөлімшесі жүргізуде.

«Қылмыстық кодекстің 463-бабында көзделген «Машиналарды жүргiзу немесе пайдалану қағидаларын бұзу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тексеру ІІМ әскери-тергеу басқармасы орталық өңірінің қарағандылық бөлімшесінің өндірісінде қаралуда», - деп хабарлады Қарағанды гарнизонының әскери прокуратурасы.

Еске сала кетейік, 23 тамызда ІІМ Ұлттық гвардиясы әскери бөлімшесінің қатардағы жауынгері Қарағандыдағы оқу-жаттығу кезінде ауыр жарақат алып, қаза тапқан болатын .