Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнынан із жасырған жүргізуші ұсталды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жаяу жүргіншіні қағып өлтіріп, оқиға орнын тастап кеткен Mercedes-Benz автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісін ізін суытпай ұстады. Бұл туралы облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
None
None

«3 қаңтарда Қарағандының Жаңа базар ауданында Mercedes-Benz автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі 20 жасар бойжеткенді қағып, жол-көлік оқиғасы орнынан кетіп қалған. «Ұстау» жоспары жария етіледі. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жол патрульдік полициясы полкінің қызметкерлері 33-ші шахта ауданында жол-көлік оқиғасы белгілері бар аввтокөлікті тапты. Жүргізуші мойындап түсінік берді», - дейді облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.

Ұсталушы уақытша қамау абақтысына жабылды. Оның үстінен ҚР ҚК 345 бабының 3 бөлігі бойынша (көлiк құралын басқаратын адамның жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын абайсызда адам өліміне әкеп соққан бұзуы) - сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар