Қарағандыда жедел жәрдем дәрігері мектепке «мина» қойған
«Жедел жәрдем стансасы» мемлекеттің коммунальдық кәсіпорнында он жылға жуық еңбек ететін тәжірибелі маманның бұл теріс қылығы әріптестері арасында түсінбеушілік туғызды.
«Дәрігер 60 жаста. Медицина саласында тәжірибесі мол. Ол телефон нөмірінен қателескен. Сот-медициналық сараптама бюросына қоңырау шалудың орнына кәсіпкерге хабарласқан»,-деп мәлім етті «Жедел жәрдем станасасы» кәсіпорнынан.
Қарағанды облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Кұдияровтың түсіндіруінше, Қарағандыдағы 22 шағынаудандағы мектептегі теракті жөніндегі хабар полицияға 10.18-де түскен.
«202 нөміріне ер адам қоңырау шалған. Ол үйіне стационарлық телефоннан белгісіз әйел мектеп ғимаратына жарылғыш құрылғы қойылғандығын айтқан. Оқиға орнына барлық шұғыл қызмет аттанды. Ғимараттан 900 адам эвакуацияланды. Жарылғыш құрылғы табылған жоқ»,-деп хабарлады Бақытжан Құдияров.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта сот алды тергеу жүргізілуде.