Қарағандыда жер асты дүмпуінің күші 4 балға жетті - ТЖМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыда күші 4 балл жер асты дүмпуі сезілді, деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.

Қарағандыда жер асты дүмпуінің күші 4 балға жетті - ТЖМ

Еске сала кетейік, бүгін шамамен Астана уақыты бойынша сағат 12-30-да Қазақстанның орталығында жер сілкінісі орын алды. Еуропалық-Жерортатеңізі сейсмологиялық орталықтың деректеріне сүйенсек, оның магнитудасы 4,8 балды құраған.

Жер сілкінісі Астанадан 206 шақырым оңтүстік-шығыста, Қарағандыдан 26 шақырым оңтүстік-бастыста орын алды.

«2014 жылғы 21 маусымда сағат 12.30 минутта Қарағанды облысының аумағында (кіндігі Алматы қаласынан 758 шақырым солтүстікте) энергетикалық күші К=11.8, тереңдігі 0 шақырым, магнитудасы 5.8 жер сілкінісі болды», - деп көрсетілген ТЖМ хабарламасында.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер жоқ.