08:10, 17 Қараша 2011 | GMT +5
Қарағандыда жергілікті тұрғынның ауласынан танк снарядтарының бөлшектері табылды - ҚР ТЖМ
ТАНА. 17 қараша. ҚазАқпарат - Қарағанды облысында жергілікті тұрғынның үйінің ауласынан танк снарядтарының бөлшектері табылды.
ҚР ТЖМ-ның баспасөз қызметінен хабарлағандай, сәрсенбі, 16 қараша күні Абай ауданы Қарабас кентінде, жемкеншік тұрғын үйдің ауласындағы қорада снарядтарға ұқсас 13 металл зат табылды.
Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында аталмыш заттар танк снарядының бөлшектері екендігі және олардың қаупі жоқтығы анықталды. ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлары табылған заттарды тәркіледі.