Қарағандыда жол полициясының қызметкерлері «Қауіпсіздік аптасы» жедел-алдын алу шарасының барысында адамды ұрлап кеткен күдіктіні ұстады

Бұл туралы облыстық ІІД жол полициясы басқармасы (ЖПБ) хабарлады.
«Қауіпсіздік аптасы» шарасын өткізу кезінде жол полициясы батальонының қызметкерлері Қарағандыдан шыға берісте «Соқыр»қосынында маневр беруде ережені бұзғаны үшін 23 жастағы жігіт басқарған «Фольксваген Гольф» көлігін тоқтатты. Көлікті тінту кезінде жедел басқару орталығы анықтағандай, жүргізуші Қарағанды қаласының тұрғыны болып шықты, ол өткен жылдың тамыз айынан бастап адам ұрлау фактісіне күдікті ретінде Михайлов полиция бөлімшесімен іздеуде жүрген», - делінген ЖПБ-нің таратқан хабарламасында.
Жол полициясы қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама рәсімдеп, жүргізушіні әрі қарай тексеру мақсатында полиция бөлімшесіне жеткізді.
ЖПБ-ның ақпаратына қарағанда, жол полиция қызметкерлері 25 жасар алаяқ әйелді ізін суытпай ұстады. Ол өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, егде жастағы әйелге немересінің қылмыстың үстінде ұсталғандығын айтып, алдап-арбау арқылы 300 мың теңгесін қымқырған.
Республикалық «Қауіпсіздік аптасы» жедел-алдын алу шарасы 26 маусымнан 2-ші шілдеге дейін өткізіледі. Соған орай жол полициясы қызметкерлері қызметтерін атқаруда жұмыстарын күшейтті. Ведомствоның берген ақпаратына зер салсақ, Қарағанды облысында аталмыш шараның 2 күнінде жол ережесінің 1370 бұзушылығы анықталды.