Қарағандыда жолда келе жатып отқа оранған автокөлік ішіндегі үш адам, соның ішінде үш жасар бір бала зардап шекті

ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды облысында жолда келе жатып отқа оранған «Ниссан-Магистраль» маркалы көлік ішіндегі 42 жастағы ер адам, 43 жастағы әйел мен үш жастағы қыз бала зардап шекті, деп хабарлайды сейсенбі, қыркүйектің 14-і күні Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
None
None

Кешкі сағат онның шамасында болған төтенше оқиғаның себебі көлік ішінде тасымалданып келе жатқан кішкентай көлемдегі газ баллоны болуы мүмкін. «Жалпы аумағы 6 шаршы метр болатын автокөлік бөліктері жанып кеткен. Өрт салдарынан 1968 жылы туған автокөлік жүргізушісін, көлік жолаушысы - 1967 жылы туған әйел адамды және оның 2007 жылы дүниеге келген үш жасар қыз баласын күйік шалып, олар ауруханаға жеткізілді. Өрт облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметі мен апаттық-құтқару жұмыстарының арқасында 17 минут ішінде сөндірілді», - деп ақпараттандырды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Соңғы жаңалықтар