11:14, 22 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Қарағандыда жүк көлігі аялдамадағы екі жігітті қағып кетіп, олардың бірі ауруханада көз жұмды
ҚАРАҒАНДЫ. Қыркүйектің 22-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыдағы Достық көшесінде «Ниссан» жүк көлігінің жүргізушісі аялдамада автобус күтіп тұрған екі жігітті қағып кетті,
деп хабарлады сәрсенбі, қыркүйектің 22-сі күні Қарағанды облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Жол-көлік апатынан жарақаттанған 25 және 26 жастағы екі жігіт Қарағандының теміржол ауруханасына жеткізілген. «Олардың бірі - 26 жастағы азамат алған жарақатынан ауруханада көз жұмды», - делінген облыстық ТДЖ баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.