Қарағандыда жүк машинасы құбырды зақымдады; қаланың бір бөлігінде жылумен қамту нашарлады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда құбырдағы апаттың салдарынан қаланың бір бөлігінде жылумен қамту нашарлады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Төтенше оқиға 4 қаңтарда түнде М3Б магистралында болды. «Үлкен жүкті машина диаметрі 820 мм құбырға соқтығысты. Апат салдарынан жылу жіберетін құбыр жарылды. Қаланың Новоселов, Н.Әбдіров, Ермеков, Можайский көшелеріндегі жылу жүйелерінде гидравликалық режим бұзылды, барлығы 300-ге жуық тұрғын үй зардап шекті», - деп түсіндірді Қарағанды әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі кезде апат салдары жойылуда. Қызмет көрсетуші мекеме бүгін кешке дейін қалыпты жылу беруді қалпына келтіруге уәде берді. Қала әкімдігі жағдайдың бақылауда екенін атап көрсетті.

Соңғы жаңалықтар