Қарағандыда журналистер «Алтын Сұңқар» сыйақысына ие болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күні қарсаңында облыс әкімінің «Алтын Сұңқар» сыйақысы табысталды.
None
None

Бұл сыйлық 8 жыл бұрын тағайындалған.

«Бұл сыйақылар - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың реформаларын жүзеге асыруда үлес қосқан сіздердің еңбектеріңізге деген алғысымыз іспетті», - деді облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков.

Ұйымдастырушылардың ақпаратынша, биыл қалалар мен аудандардан байқауға қатысуға 120 өтініш келіп түсіпті. Байқау комиссиясы түрлі аталым бойынша 10 жеңімпазды таңдаған. Лауреаттардың қатарында - республикалық, облыстық және аудандық БАҚ өкілдері бар. Оларға «Алтын Сұңқар» мүсіні мен 250 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйақы табысталды.

«Кәсібіне адалдығы үшін» аталымында «Қазақстан-Қарағанды» ОТРК бас редакторы Сағат Батырханова топ жарды. «Еңбек адамы» тақырыбында үздік материалдар жазғаны үшін «Тоқырауын тынысы» (Ақтоғай ауданы) газетінің тілшісі Мүсіркеп Әлімжанов марапатталды. Лауреаттардың қатарында «Время» республикалық газетінің меншікті тілшісі Ирина Московка, «РRО СПОРТ» республикалық газеті мен сайтының меншікті тілшісі Семен Неверов бар.

Облыс әкімінің 1 млн. теңге көлеміндегі «Қарағанды журналистикасын дамытуға қосқан үлесі үшін» арнайы сыйақысы «ӨРКЕН-MEDIA» (Балқаш қаласы) арнасына бұйырды.

Соңғы жаңалықтар