Қарағандыдағы 3-ші жылу-электр орталығында апатты жағдай орын алды

ҚАРАҒАНДЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін түнде Қарағандыдағы 3-ші жылу-электр орталығында апатты жағдай орын алды.
None
None
ҚазАқпарат тілшісіне бұл туралы төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттен хабарлады. Техникалық себептер бойынша үш қазандық істен шығып қалды. «Сағат 1-де бу қыздырғыштың тесілуі салдарынан бір қазандық, сағат 3-терде тағы бір қазандық істен шықты. Үшінші қазандық таңғы сағат 8-дерде тоқтады», - дейді жағдайды түсіндірген төтенше жағдайлар ведомствосының өкілдері. Қазір үш қазандықта да жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Орын алған оқиғаға байланысты облыстық әкімдіктің жанынан жедел штаб құрылып отыр. Себебі, желі бойынша температура режимінің төмендеп кету қаупі жоқ емес, қаладағы негізгі кәсіпорындар ерекше бақылауға алынды. Жылу желілері қатып қалмауы үшін қолдан келгеннің бәрі істелуде.
Соңғы жаңалықтар