Қарағандыдағы автотұрақтардың бірінде өткен түні екі машина жанып кетті, оған қоса төрт автокөлік зақымданған

тағы төрт көлік зақымданған, деп хабарлайды Қарағанды облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Түнгі сағат бірде тұрақтың күзетшілері күдікті дыбыстарды естиді. Олардың бірі шудың не себепті болғанын анықтау үшін сыртқа шығады. Екіншісі терезеден жалынды көреді. Олар бірден өрт сөндіру қызметін шақырады», - деп ақпарат таратты облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілер келгенде қатар тұрған екі көлік жанып жатқан, күзетшілер өрт сөндіруге арналған және басқа да құралдармен жалынды тоқтатпақ болады. Алайда от жақын тұрған басқа да машиналарға жеткен.
«Жарты сағат өткен соң өрт сөндірілді. Ең бірінші жанған екі көлік енді қалпына келмейді және де төрт машинаға зақым келген», - дейді облыстық ТДЖ баспасөз қызметіндегілер.
Сарапшылар өрттің не себепті болғандығын анықтауда.