Қарағандыдағы «Бесоба» ТК-де үйдің опырылып құлауына кінәлілердің жауапкершіліктерін заң аясында белгілеу қажет - арнайы комиссия

ҚАРАҒАНДЫ. 15 мамыр. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы «Бесоба» ТК-де үйдің опырылып құлауына кінәлелерге жауапкершілік заңға сәйкес белгіленуі тиіс, деп санайды Төтенше жағдайға тексеру жүргізген арнайы комиссияның мүшелері.
None
None

Комиссияның қорытындысына сәйкес, кінәлілер қатарында - құрылыс барысын бақылаған және мемлекеттік қабылдау комиссияның құрамына кірген құрылыс компаниясы, жобалаушылар мен шенеуніктер  бар.

«Тексеру барысында дайындық кезеңінде негізгі мәліметтерді даярлауға, инженерлік-геологиялық іздеулерді өткізуге, жобалауға, жобаға, құрылысқа, авторлық және техникалық бақылауға,мемлекеттік сәулет-құрылыс байқылауға, ҚР заңнамаларының Құрылыс нормалары мен ережелерінің, ГОСТ-тардың сақталуы бойынша нысанның жұмыс және мемлекеттік комиссиямен эксплуатацияға қабылдануына сараптама жүргізуге қатысқан заңды және жеке тұлғалардың бұзушылық фактілері анықталды. Осы ретте, олардың жауапкершіліктерін ҚР қолданыстағы заңнамасына сәйкес белгілеу керек», - делінген актіде.

ТЖ-дан келтірілген шығын болжам бойынша 545,3 млн. теңгені құрады, делінген актіде, «Төтенше жағдайдың орын алуының басты себептері: тапсырыс берушінің (құрылысты жүргізуші) нақты инженерлік-геологиялық мәліметтерді қамтамасыз етуде, бастапқы деректерді жинау кезеңінде лицензияланған жобалық ұйымды тартуда, кешенді жобалау және нөлдік циклды (2005-2006 жж.) салуда өз міндеттеріне салғырт қарағандығы болып отыр», - делінген актіде.

Дегенмен арнайы комиссия бұл үйдің құрылысы бойынша барлық техникалық құжаттарға ие бола алмады.

Естеріңізге сала кетейік, 6 сәуір күні Қарағандының «Бесоба» шағынауданында үлескерлердің қаражатына үш жыл бұрын салынған бес қабатты тұрғын үйдің 4 кіреберісі бар блогы опырылып құлады.

Аталмыш тұрғын үйде 1 сәуір күні салмақ түсетін негізгі құрылыс конструкциялары бұзылған болатын.

Апатты үйден 138 адам көшірілген еді. Қарағанды әкімдігінің 3 сәуірдегі өкімімен аалдын ала шаралар кешенін орындау үшін үйге ТЖ режімі енгізілді.

Қарағандыда «Бесоба» шағынауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің бір бөлігінің опырылып құлау фактісі бойынша мамандандырылған прокурор ҚР ҚК-нің 307 бабы (Қызметтік өкілеттігіне қиянат ету) бойынша қылмыстық іс қозғады. Кейін үйлерді салған құрылыс ұйымдарына қатысты ҚР ҚК-нің 245 бабының 2 бөлімімен («Ауыр зардаптарға соқтырған сапасыз құрылыс») қылмыстық іс қозғалды.

Алдын ала бағалау бойынша, опырылып құлаған үйдің тұрғындарына келтірілген шығын 545,3 млн. теңгені,  соның ішінде жоқ болған пәтерлердің бағасы - 328,8 миллион теңгені құрайды. Қаланың билік өкілдері зардап шеккен адамдардарға әртүрлі мәнді үй ұсынуға уәде беруде.

Үйдің құрылысымен айналысқан «Сервиспромснаб» ЖШС-нің директоры Андрей Маляновқа қатысты қаржы полициясы үлескерлерді алдау фактісі бойынша қылмыстық істі тергеу үстінде. Алданған үлескерлердің ақшасын жымқырып, бой тасалап жүрген компания басшысына іздеу салынды.

Соңғы жаңалықтар