Қарағандыдағы бокс мектебін Олимпиада ойындарының жүлдегері басқарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандыдағы балалар мен жасөспірімдердің бокс мектебін Афиныдағы Олимпиада ойындарының жүлдегері, әлем чемпионы Серік Елеуов басқарады. Ол бұл ұсынысты қуана қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
None
None

«Мен көптеген жылдар бойы бокспен айналыстым. Енді өскелең ұрпақты қазіргі олимпиадашылардың орнын басатындай етіп тәрбиелеуім керек. Қазір өңірдегі бокс саласында құлдырау байқалып тұрғандықтан, біраз қиын істер күтіп тұрғанын білемін. Соған қарамастан Қарағандының бокс мектебі елдегі көшбасшылық орнын қайта алуы тиіс. Бізден әлі талай Головкин мен Сәпиевтер шығады», - деді С.Елеуов. XXVIII Олимпиада ойындарының қола жүлдегері боксшы Серік Елеуов 1 қыркүйектен бастап Қарағандыдағы балалар мен жасөспірімдерге арналған о лимпиадалық резервтер мектебін басқармақ. Ол осыған дейін ІІД-інде «Бүркіт» арнайы жасағының нұсқаушысы болып еңбек етті, майор атағы бар.

Соңғы жаңалықтар