12:59, 03 Наурыз 2010 | GMT +5
Қарағандыдағы диірменде Өзбекстанның 49 азаматы заңсыз жұмыс істеп келген
ҚАРАҒАНДЫ. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыдағы «Дарат» диірмен кешенінде Өзбекстанның 49 азаматының жұмыс істеп келгені анықталды,
деп хабарлады Қарағанды облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.
Гастарбайтерлер «Мигрант» операциясының барысында анықталып отыр. «Заңсыз көші-қонмен күрес жөніндегі арнаулы жекелеген взводтың қызметкерлері «Дарат» диірмен кешенін тексеру кезінде Өзбекстаннан келген және сәйкес рұқсатнамасыз жұмыс істеп жүрген 49 шетелдікті анықтады», деп хабарлады департаменттен.
Заңсыз мигранттар әкімшілік жауапқа тартылуда, жұмыс берушінің үстінен де әкімшілік өндіріс қозғалып отыр.