Қарағандыдағы хайуанаттар бағында жыртқыш аңдарға қонжықты талатқан қызметкерлер сөгіс алды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда хайуанаттар бағының қызметкерлеріне сөгіс жарияланды. Қызметкерлер жұртшылық алдында жыртқыштың қонжықты талап тастауына жол берген немқұрайдылықтары үшін айыпталды, деп хабарлады мекеме әкімшілігінен.
None
None

«Қонжық бір жарым ай бұрын ауыр патологиямен туылған. Ол сырқат, өмір сүруге қабілетсіз еді. Ішкі ағзаларында зақымдалмаған жері жоқ: іш жағы күп болып ісінген, бауырын да ісік дерті меңдеген. Аналық аю Маша тұңғыш төлінен бірден бас тартты. Оны күтіп-бағуға тырыстық, бірақ бәрі бос әурешілік болды», - деді хайуанаттар бағының қызметкері Светлана Пилюк.

Оның айтуынша, зообақ кеңесінде мамандар қонжықты жыртқыш аңға қорек етіп бермек болып шешкен.

«Бірақ мұны ешкім жоқ кезде, кешке жасауы керек болатын, - деп атап өтті мекеме өкілі.

Хайуанаттар бағының әкімшілігінде хабарлағандай, директордың бұйрығымен басшының орынбасарына және жыртқыш аңдар секторының меңгерушісіне сөгіс жарияланды.

Куәгерлердің айтуынша, Қарағандыда өткен жексенбіде дүйім жұрттың алдында екі теңбілшер қонжықты талап тастады. Сұмдық оқиғаға балалар да куәгер болды.

Соңғы жаңалықтар