Қарағандыдағы «Құлыншақ» балалар үйінің 10 тәрбиеленушісі қысқы демалысты Анталияда өткізіп қайтты

АЛМАТЫ. 9 ақпан. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Қарағандыдағы «Құлыншақ» балалар үйінің 10 тәрбиеленушісі Анталияда 10 күн демалып қайтты.
None
None

Оған «Олимп» туристік фирмасы мен букмекерлік конторы демеушілік жасады. Қысқы демалысты жаймашуақ теңіз жағасында өткізу бақытына бұл жолы - Мейрам Әбдірахманов, Павел Москалёв, Біржан Қалтаев, Рустам Қарабаев, Роман Сабиров, Борис Дёмин, Анна Конюхова, Франциска Толмачёва, Ақжар Әбдірахманова мен Людмила Кузнецова ие болды. Олардың арасында Францискадан өзгелеріне бұл Қарағанды облысы аумағынан тыс жерге жасалған алғашқы саяхат болып отыр.

«Олимп» брокерлік конторының құрылтайшысы Анарбек Жаудыровтың айтуынша, балалар үйінің тәрбиеленушілеріне саяхат ұйымдастыру идеясы бірнеше жыл бұрын туған. Бұған дейін олар Алматыдағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін Египетте, ал Атыраудағы балалар үйінің оқушыларын Дубайға (БАӘ) демалдырып қайтқан болатын.

«Қазақстанда «Олимптен» де бақуатты компаниялар жеткілікті. Алайда өкінішке орай олардың арасында мұндай шаралармен айналысып жүргендері өте аз. Сондықтан бизнесмендердің бәрін осы идеяға қосылып, балаларға қуаныш сыйлауға атсалысуға шақырам», - дейді Анарбек Жаудыров.

Соңғы жаңалықтар