16:24, 27 Мамыр 2010 | GMT +5
Қарағандыға Германияның Жастар миграциялық қызметінің делегациясы келді
ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Бүгін Қарағандыда Германия Федеративтік Республикасы Жастар миграциялық қызметінің өкілдерімен кездесу өтіп жатыр. Бұл туралы Қарағанды облысының «Жас Отан» жастар қанатынан хабарлады.
«Сапар жас мигранттармен әлеуметтік жұмыс саласындағы тәжірибемен халықаралық алмасу бағдарламасы бойынша және Германияның Қазақстандағы жылының аясында ұйымдастырылып отыр. Біз жастар саясатын жүзеге асыру саласында тәжірибе алмаспақ ниеттеміз», - дейді «Жас Отан» аймақтық ұйымының төрағасы Мирас Құттыбай.
Неміс жастарының делегациясы Қарағандыда Оралмандарды бейімдеу және ықпалдастыру орталығының жұмысымен танысады, С.Сейфуллин атындағы облыстық қазақ драма театрында және «Видергебург» облыстық неміс мәдени орталығында болады. Делегация құрамына жастарды кәсіби ықпалдастыру саласының мамандары мен ГФР Жастар миграциялық қызметінің өкілдері кіріп отыр.