Қарағандылық ардагерлерге «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдары табыс етілді

None
None
РАҒАНДЫ. 8 желтоқсан. ҚазАқпарат /Ольга Петренко/ - Қарағанды облысының әкімі Серік Ахметов бүгін бір топ еңбек ардагерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттілігінің қалыптасуы мен дамуына және тәуелсіздігінің нығаюына, сондай-ақ еліміздің 20 жылдық мерейтойын атап өтуге байланысты «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медальдарын табыс етті.

«Әрқайсыңыз ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілігімен өткізіліп жатқан кең көлемді реформалардың жүзеге асуына салмақты үлес қостыңыздар. Сіздердің бейбітшілікті нығайту, төзімділікті, ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтудағы үлестеріңіз өлшеусіз. Дәл осындай отансүйгіштік рухпен сіздер жастарымызды тәрбиелеп отырсыздар. Сіздерге қарап, жастар Отанын жақсы көруді, үлкендерді сыйлауды, әділ, еңбексүйгіш болуды үйреніп жүр. Сондай-ақ, әрине, сіздер біздің еліміздің тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы үшін көп нәрсе жасадыңыздар», - деді аймақ басшысы ардагерлерге арнаған сөзінде.

Мерейтойлық медальдармен сондай-ақ өндірістік кәсіпорындар жетекшілері, ЖОО-ның ректорлары мен БАҚ қызметкерлері марапатталды.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен жалпы алғанда 1450 қарағандылық азамат марапатталды.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалі ҚР Президентінің 2011 жылғы 17 мамырындағы №83 Жарлығымен бекітілген.

Соңғы жаңалықтар