Қарағандылық археологтар сақ жауынгерлерінің бұзылмаған зиратын тапты

ҚАРАҒАНДЫ.   Шілденің   14-і.  ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ -    Е.Бөкетов атындағы Қарағанды     мемлекеттік  университетінің    археологтар экспедициясы Қарағандыға жақын маңнан,  Нұра  өзенінің  ортаңғы ағымының   тұсынан     сақ  дәуірінің   жәдігерлерін тапты, 
None
None

деп    хабарлайды  ҚазАқпарат  тілшісі.

Топ  жетекшісі  Виктор  Варфоломеевтің айтуынша,  Самарқанд және  Тегісжол ауылдарының арасындағы   Темірқаш   шатқалында жүргізілген қазба  жұмыстарының   нәтижесінде  темір қорамсақ,      жебенің  ұшы,     жас сарбаз белбеуінің   айылбасы   сияқты  заттар  табылған.  Археологтар,  бұл    жәдігерлерге  2 мың  жылдан  асады,  деп     пайымдауда.

«Тоналмаған  зират  өте  сирек кездеседі.  Олар    барлық дәуірде  тоналып  келген.   Ал біздің  тапқанымыз  аман қалған, себебі  ол    орталықта емес, айдалада  орналасқан.    Әдетте  тонаушылар  қорымның    күмбездің астында   орналасатынын біледі   және  сол жерлерді  тонайды»,  деп түсіндіреді В.Варфоломеев.

Соңғы жаңалықтар