Қарағандылық әйелге заңсыз бір жыл бас бостандығынан айырылғаны үшін 500 мың теңге өтемақы төлейтін болды

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда жалған кәсіпкерлік үшін заңсыз сотталған әйел мемлекеттен 500 мың теңге даулап алатын болды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
None
None

«Елена Гирькованың ҚР Қаржы министрлігіне, «Қарағанды облысының прокуратурасы» ММ-іне, ҚР Қаржы министрлігінің «Қарағанды облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті» РМК-ге қылмыстық қудалау органдарының әрекетімен келтірілген залалдың орнын толтыру жөнінде берген талап-шағымы ішінара қанағаттандырылды. Е.Гирькованың пайдасына келтірілген моральдық залал үшін республикалық бюджет қаражаттарынан 500 мың теңге сомасында өтемақы өндіріліп алынсын», - деп Қарағанды қаласындағы Қазыбек би ауданы №2 сотының судьясы Азамат Доғаров шешімді жариялады.

Өтемақыны ҚР қаржы министрлігі Үкімет резервтері қаражатынан төлеуі тиіс.

Сонымен бірге, сот мемлекеттік кірістер департаментінің басшылығын зардап шегушіден ресми кешірім сұрауды міндеттеді.

Талапкер өзінің моралдық бейнетін 10 млн. теңгеге бағалаған болатын. Сонымен бірге ол жауапкерлерден 4 млн. теңге материалдық шығынын - уақытша оқшаулау абақтысында болған кездегі алмаған еңбекақысын өндіріп беруді сұрады.

«Шешімді даулаймыз ба, айту қиын. Ол түрмеде бір жыл отырды. Ал 500 теңге - бұл күніне мың теңгеден сәл ғана асады. Мемлекет іссапарға шыққан адамға тәулігіне бұдан едәуір көп төлейді. Ал ол адамдар еркіндікті жүрді. Міне, осындай шешім қабылданып отыр», - деп түсіндірді Е.Гирькованың адвокаты Игорь Кирьянов.

Ол жауапкерлер өкілдерінің бірде-бірі өз кінәларын мойындамағанын атап өтті. «Заңсыз айыптауға қолдау білдірген қызсеткерлер, прокуратура сырт қалды», - деп ренішін білдірді адвокат.

2010 жылы Е.Гирькова мен оның күйеуін қаржы полициясы жалған кәсіпкерлікке айыптады. Ерлі-зайыптыларды уақытша оқшаулау абақтысына отырғызды. 2011 жылы оларды соттады. Әйел 3 жыл шартты жаза алды, ал оның күйеуін 4,5 жылға бас бостандығынан айыруға кесті.

Ерлі-зайыптылар өздерінің кінәсіздігін айтып, Жоғарғы сотқа дейін шағымданды. Жоғарғы инстанция істе қайта тергеуге жіберді. Қылмыстары болмағандықтан істі тергеуді жабу үшін тағы үш жыл қажет болды. Е.Гирькованың күйеуі әділетті сәтке жете алмады, колонияда жүрек қабынуынан көз жұмды.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ және оны апелляциоциялық инстанцияда шағымдануға болады.

Соңғы жаңалықтар