Қарағандылық Б.Қанжанов самбодан әлем кубогын жеңіп алды

ҚАРАҒАНДЫ. 15 ақпан. ҚазАқпарат - Қарағандылық Бейінбет Қанжанов самбо бойынша әлем кубогының иегері атанды, деп хабарлайды облыстық туризм, денешынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен.
None
None

«Минск қаласында самбо бойынша әлем кубогының кезеңі мен ерлер арасында Беларусь Республикасы президентінің сыйлықтарына XVII ашық чемпионат болып өтті. Қарағанды облысының атынан жарыстарға екі спортшы қатысты. Б.Қанжанов 52 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль еншіледі», - делінген хабарламада.

Жарыстарда әлемнің 10 елінен келген спортшылар бақ сынасты.

Соңғы жаңалықтар