17:30, 18 Наурыз 2017 | GMT +5
Қарағандылық дизайнер алып гүлдер «өсірді»
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағандыда «Гүлдер ертегісі» атты алып гүлдер көрмесі ашылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Қолдан жасалған алып гүлдердің дизайнерлік макеттері бейнелеу өнері музейіне қойылды.
«Өз көрмемнің шығармашылық және идеялық шабыттандырушысы ретінде мәскеулік декоратор Юлия Шакированы атап өткім келеді, - деді Виктория. - Гүлдерді қағаздан, матадан жасап көруге тырыстым, бірақ ойдағыдай шықпады. Ойлана келе, полиэтилен көбігіне тоқтадым. Бұл материал икемге оңай келеді және ылғалға төзімді. Гүлдерді өз қалауымша жасау жолын таптым».
Көрмеге келушілер өздерін гүлдер әлеміне енгендей сезінеді. Мұражайдың әрбір залы еденнен төбеге дейін әсем де алып гүлдермен безендірілген.