Қарағандылық «ЭкоМұражай» американдықтармен бірігіп ядролық сынақтарды көрген адамдардың өмірі туралы деректі фильм түсіреді

тұсаукесері болып өтті.
Бұл жобаға американдық мұражай қауымдастығының грантын иеленген қарағандылық «ЭкоМұражай» қоғамдық бірлестігі қатысады. Американдық тарап атынан Лас-Вегастағы (Невада штаты) атомдық сынақтар мұражайы шығады.
«Мұражайлар мен қоғам - шетелдегі ынтымақтастық» - АҚШ Мемлекеттік департаментінің білім беру және мәдени алмасу бюросы мен американдық мұражайлар қауымдастығы басқаруының арқасында іске асырылып отырған бағдарлама. Оның мақсаты - шетелдік мұражайлар мен АҚШ мұражайлары арасында ынтымақтастықтың инновациялық пішіндерін құру», - деді Э.Миллард.
Жоба бұрын ядролық сынақтар болған жерлердегі өмірді көрсетуге бағытталған.
«Ядролық сынақтарға ұшыраған аймақтардың тағдыры өте ұқсас. Жоба қатысушыларының түсірген деректі фильмі көп мерзімдік тарихи куәгерліктің миссиясын көтереді», - деп есептейді Э.Миллард.
«ЭкоМұражай» ҚБ-нің директоры Дмитрий Калмыковтың хабарлауынша, деректі фильм үшін материалдарды жинауға ядролық сынақтарға ұшыраған ауылдардан шыққан ерікті студенттерді қатыстыру жоспарланып отыр. «Бізде бұл - Егіндібұлақ ауданы. Студенттер ядролық «жарылыстар» үйреншікті жағдай болған аймақтарда тұратын адамдардың қазір қалай өмір сүріп жатқандығы туралы халықтық бейнежазба түсіреді. Содан кейін олардың материалдарынан кәсіби режиссерлер мен құрастырушылар деректі фильм жасап шығарады», - деді ҮЕҰ-ның жетекшісі.
Жоба делегациялардың ауысуды да қарастырады. Қарағандылықтар Невадаға барады.
Жоба бастамашыларының мәліметтерінше, оның құны шамамен 200 мың АҚШ долларын құрайды, бұл соманың жартысынан көбі тараптар тең бөлетін грант болып табылады.