Қарағандылық кәсіпорындар Астанадағы ЭКСПО-қалашығын салуға қатысады

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Астанада «АСТАНА ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің нысандарын салуға Қарағанды облысы кәсіпорындарының қатысу мәселесін талқылаған жиын өтті, деп хабарлады облыстық ішкі саясат басқармасы.
None
None

Жиынға түрлі салаларда жұмыс істейтін өңірдің 40-тан астам кәсіпорнының басшылары қатысты. ЭКСПО-қалашығын салу үшін қажетті құрылыс материалдарын жеткізу шарттары ұсынылды.

«Бүгінде Қарағанды облысында көрме кешенінің нысандарын салу бойынша бас мердігерлермен ынтымақтастық туралы 8 меморандумға қол қойылды. Атап айтқанда, өңір кәсіпорындары темір бетон бұйымдарын, сэндвич панельдер, полиэтилен және престелген құбырлар, радиаторлар, арнайы киімдер жеткізеді», - деп хабарлады «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ басқармасының төрағасы Мұрат Омаров.

Оның айтуынша, келешекте жобалау құжаттамасын әзірлеуге өңір компанияларын тарту жоспарлануда.

Мәжілісте қарағандылық кәсіпкерлер жеңіл өнеркәсіп, кәбілдік-өткізу, телекоммуникациялық және электротехникалық өнімдерді, панельдік радиаторлар мен жылу алмастырғыштарды жеткізу саласындағы кәсіпорындардың әлеуетін таныстырды.

«Қарағанды Қазақстанның ең ірі нысанын салған кезде өнеркәсіптік әлеуетін лайықты көрсететін болады», - деді сенімді түрде делегация басшысы - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Әнуар Ахметжанов.

Соңғы жаңалықтар