Қарағандылық полицейлер қарақшылық шабуылдың құрбанын құтқарды

ҚАРАҒАНДЫ. Мамырдың 27-сі. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағанды полицейлері тапа-тал түсте, қала тұрғындарының көз алдында жасалған қылмыстың бетін ашты.
None
None
Бұл туралы брифингте Қарағанды қаласы Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Ерлан Насымов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бір топ жас жігіт Республика даңғылындағы үйлердің бірінің тұрғындарының көз алдында бір ер азаматты соққыға жығып, оны «Ауди 100» көлігіне күштеп отырғызады. Оқиға куәгерлері бұл туралы дереу полицияға хабарлайды. «Тұтқынды отырғызған көлік Энгельс атындағы ауылға қарай жол тартады. Әлгі азаматтың басына пакет кигізіп, қолын байлап әкетіп бара жатқан қарақшыларды аталған ауылға жақын жерде ұстадық. Қылмыскерлер іздеріне полицияның түскенін көріп, әлгі азаматты көлік салонынан сыртқа лақтырып қашты», дейді Ерлан Насымов. Қарақшылардың екеуі оқиға орнынан іздерін жасырып үлгерді, бірақ жүргізуші - 26 жастағы азамат ұсталды. Жауап алу кезінде әлгі жүргізуші өз кінәсін мойындамай қойды. «Бірақ айғақтардың арқасында қамауға алынған ол қазір СИ-16 абақтысында отыр», деп түсіндірді полиция бөлімінің басшысы. Қазір қалған екі азаматтың тұлғасын анықтау және оларды ұстау жөніндегі шаралар жүргізілуде.
Соңғы жаңалықтар
Референдум