Қарағандылық полицейлер Жеңіс күніне орай Мәскеуге кішкентай «георгиев» ленталарына тапсырыс берді

ҚАРАҒАНДЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Жеңіс күніне қарсы қарағандылық полицейлер Ұлы Отан соғысының ардагерлерін құттықтап өтті.
None
None

Облыстық ІІД-де әрбір құрметті қонаққа Жеңістің символы - «георгиев» кішкене лентасын тапсырды. «Биыл Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс күнінің 67 жылдығын тойлау үшін бұл ленталар Мәскеуден арнайы әкелінді», - деп хабарлады облыстық ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен ІІБ-нің қызметкерлері қаза тапқандарды үнсіздік минутымен еске алып, автоматтардан дүркіндете оқ атты. Сондай-ақ жиналғандар қызметтерін атқару кезінде қаза тапқан қызметкерлерге арналған ескерткіштің алдына гүл шоқтарын қойды.

Ведомство басшылығы атынан қонақтарды ІІД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Ардақ Ынтықбаев құттықтап өтті. Одан кейін ардагерлер полиция қызметкерлерінің дайындаған мерекелік концертін тамашалады.

Әрбір ардагерге бағалы сыйлықтар берілді. Концерттен кейін қонақтарды арнайы ұйымдастырылған далалық асханаға әкеліп, сарбаздар ботқасы мен «майдандық 100 грамнан» дәм таттырды.

Соңғы жаңалықтар