Қарағандылық полицейлер Жол-көлік апаттары құрбандарын еске алудың дүниежүзілік күніне орай донорлық акция өткізеді
«Жол полициясының жеке құрамы жол-көлік апаттарында (ЖКА) зардап шеккендер үшін қан тапсыру акциясын өткізеді. Ол 16 қараша күні Облыстық қан орталығында өтеді. Акцияға бұл күні қызметте болмайтын қызметкерлер қатысатын болады», - деді О.Нығматулин.
20 қараша - ЖКА құрбандарын еске алудың дүниежүзілік күні Қарағандыда жүргізушілердің қатысуымен «Қара толқын» акциясы өтеді. Қала бойынша жүргізушілерді жолда қырағы болуға шақыратын стикерлер жабыстырылған қара түсті автокөліктердің колоннасы жүріп өтеді.
Жол полициясы осы күні жүргізушілерді ынтымақтастық белгісі ретінде алдыңғы жарық шамдарын жағып жүруді, ал түскі сағат 12.00-де дыбыс сигналдарын беруді сұрады.
Онымен бірге, 14 қарашада Қазақстанда «Жол қозғалысы қауіпсіздігінің апталығы» республикалық акциясы басталды. «Акция шеңберінде бірқатар алдын алу іс-шараларын өткізу жоспарланып отыр. Жол полициясы қызметкерлері жас инспекторлармен бірге жүргізушілерге ақпараттық бүктемелерді тарататын болады. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған әлеуметтік жарнамалар байқауы өтеді. Оқушылар арасында «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» тақырыбында суреттер мен шығармалар байқауы жарияланды.
Сонымен қатар, апталық аясында Қарағандыда ең үздік автомектептердің байқауы өтуде. Курсанттардың Жолда жүру ережелерін білуі, мәнерлеп жүргізу шеберліктері мен алғашқы медициналық жәрдем көрсету біліктіліктері бағаланады.