Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының құрметіне клип түсірілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағандылық «Шахтер» футбол клубының құрметіне The Game атты клип түсірілді, деп хабарлайды клубтың ресми сайты.
None
None

«Шахтер» футбол клубы 2013 жылғы маусымда өз тарихында алғаш рет Қазақстан Кубогін және Суперкубогін жеңіп алып, үлкен әрі елеулі жетістіктерге қол жеткізді, УЕФА Чемпиондар Лигасының плей-офф раундына және Еуропа Лигасының топтық сынына өтті.

«Шахтер» ФК мыңдаған футбол жанкүйердің шабытын оятып, жүректеріне жеңіске деген сенімдерін ұялатты. Сіздердің назарларыңызға «Шахтер» клубының құрметіне және оның жаңа белестерді еңсеруіне қолдау көрсету мақсатында түсіру жұмысы екі ай бойы жүргізілген «THE GAME» атты клипті ұсынамыз», - деп жазады сайт.

Соңғы жаңалықтар