14:49, 05 Ақпан 2011 | GMT +5
Қарағандылық «Шахтер» футбол командасы кезекті жиынды Түркияда өткізеді
ҚАРАҒАНДЫ. 5 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандылық «Шахтер» клубының футболшылары кезекті маусымға Түркияда дайындалып жатыр,
деп хабарлады клубтың баспасөз қызметінен.
«Кеншілердің» Түркиядағы кезекті жиындары 3 ақпанда Сиде қаласында басталды. Жаттығу 23 ақпанға дейін созылады. Олар күн сайын үш реттен жаттығып жатыр», - деп хабарлады клубтың баспасөз хатшысы Сергей Киколенко.
8 ақпанда «Шахтер» Польшаның 14 дүркін чемпионы «Гурник» футбол клубымен (Забже қаласы) бақылау ойынын өткізеді. Ал 9 ақпанда «кеншілер» командасы толық құрамда Антальяға аттанады - олар «Ататүрік» орталық стадионында Беларус командасымен жолдастық кездесу өткізетін Қазақстанның ұлттық құрамасына қолдау көрсетеді, деп хабарлады клубтың баспасөз хатшысы.
Ал «Шахтердің» қосалқы құрамы Ташкентте жиын өткізуде.