Қарағандылық веломарафоншы Қазақстанның рекордтар кітабына енді

«Өткен жылы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдығы мен Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Астанадан Қостанайға «Ыбырайдың ізімен» атты веложарыс
ұйымдастырдым. Менен басқа оған тағы төрт адам қатысты. Сол кезде мен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына орай веломарафон ұйымдастыруға бел будым.
2015 жылдан бастап мен үнемі велосипедпен жүремін – жұмыстан үйге және үйден жұмысқа. Жыл басында өзімді қысқы велошеруде сынап көрдім. Ол үшін мен триатлон паркін таңдадым, онда арнайы велосипед жолы бар. Бір шеңбер – үш шақырым. Менің рекордым – 9 сағат 56 минутта 150 км», – дейді Ернат.
Велошеру Қазақстанның рекордтар кітабына алғашқы қысқы веломарафон ретінде енді. Жетістікті басылымның ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов жазды.
Марафоншы өзінің рекордымен Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойына үлес қосқысы келді.
«Мен Абай, Шәкәрім, Ахмет, Әлиханды оқимын. Менің зерттеулерім әдеби емес, мотивациялық. Олардың шығармашылығы мен өмірі әркімді мықты адам және патриот болуға шақырады. Биылғы жылғы ең үлкен арманым — халықаралық деңгейге шығу. Шетелге барғым келеді, яғни халықаралық веложарыс өткізіп, оны Ахмет Байтұрсыновтың мерейтойына арнағым келеді. Өз жолымды ағартушы туған Ақкөл ауылынан бастап, Парижге дейін жеткізуді жоспарлап отырмын. Уақыт әлі белгісіз, қазір маршрут жасау үстінде жұмыс істеп жатырмын. Алдын ала есептеулер бойынша мен 13 елден өтуім керек», – дейді Ернат.