Қарағандылық жас кәсіпкер қымыз бен саумал өндіреді

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының жас малшысы Алмаз Таңғышбаев төрт жылдан бері сүт өнімдерін өндірумен айналысып келеді. Бизнесті кеңейту туралы көптен ойланған, бірақ қаржысы жетіспеген. Өткен жылы ол жастар кәсіпкерлігін қолдау және дамытуға арналған Қарағанды облысы әкімінің грантына ие болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Бір миллион теңге көлеміндегі барлық қаражат бірден қымызды шайқауға арналған аппараттарға жұмсалды. Алмаз төрт күбі сатып алды: екеуі электр желісі арқылы, екеуі қолмен сапыруға арналған.

«Бұл кәсібіміз үшін үлкен көмек. Қазір менде 10 бие бар. Қаражат болса, мен тағы да жылқы сатып алар едім. Бірақ бәрінен бұрын маған жайылымдық жер жетіспейді. Мен мал шаруашылығы бағытында одан әрі жұмысымды кеңейтуге тырысамын. Бұл маған өте ұнайды. Ата-анама рахмет. Олар мені қолдайды және көмектеседі», – дейді Алмаз ақ жүрегінен ақтарыла.

Таңғышбаевтар отбасының сүт өнімдерін негізінен жергілікті тұрғындар тұтынады. Қымыз бен саумалдың бір бөлігін Қарағандыда өткізеді. Тұрақты сатып алушылар да бар.

«Жаңа сауылған бие сүтінің денсаулыққа пайдалы екенін бәрі біледі. Иммунитетті жақсартады, ауыр дерттермен күресуге көмектеседі. Балаларға да, қарттарға да жарайды. Біз өзіміз де ішеміз», – дейді кәсіпкер.

Күнделікті ауыр еңбекке қарамастан, Алмаз сүйікті ісін тастамайды. Ол келешекте қаладағы дүкендердің бірінде өз өнімін сататын бөлімше ашып, саумалдың пайдасын басқа да адамдар көргенін қалайды.


Соңғы жаңалықтар
Референдум