19:29, 11 Ақпан 2011 | GMT +5
Қарағандылық жастар Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар циклын «Болашақты бірге жасайық!» акциясымен бастады
АҒАНДЫ. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Қарағандыдағы Кеншілердің мәдениет сарайында бүгін «Болашақты бірге жасайық!» жастар акциясы болып өтті.
«Осы арқылы қарағандылық жастар Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған іс-шаралар циклын бастады», - деп атап өтуде ұйымдастырушылар.
Акцияға облыстың барлық аймақтарының өкілдері, оқушылар мен студенттер, жас мемлекеттік қызметшілер мен жұмысшылар, ауыл жастары мен әскери қызметшілер қатысты. «Біз бұл жерде жастардың түрлі өкілдерін жинадық. Қатысушының әрқайсысы қандай да бір салада жетістіктерге жеткен. Біз қазіргі жастарымыздың қолынан не келетінін көрсеткіміз келеді», - дейді облыстық ішкі саясат басқармасының жастармен және ҮЕҰ жұмыс жөніндегі бөлім бастығы Лейла Ивадилинова.