Қарағандылықтар ЭКСПО-ға нан, ет, қымыз жібереді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қарағанды облысынан Астанаға ЭКСПО халықаралық көрмесін өткізу барысында 9 мың тонна азық-түлік тасу жоспарлануда. 
None
None

Оның басым бөлігі нан мен нан өнімдерінен құралады. Бұл жайлы аймақтық байланыс қызметінің брифингі барысында облыстық кәсіпкерлік басқармасының жетекшісі Татьяна Аблаева мәлім етті, деп хабарлайды karaganda-region.gov.kz . 

«Қарағанды облысы Астана маңайының азық-түлік белдеуіне жататындықтан ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу барысында біздің аймақтан елордаға жіберілетін азық-түлік көлемі ұлғайтылады. Бүгінгі таңда ауылшаруашылық құрылымдары белгіленіп, азық-түлік жеткізушілермен меморандум жасалып, апталық кесте құрылды. Жоспар бойынша 9 мың тонна азық-түлік жеткізіледі», - деді Татьяна Аблаева. 
Басқарма басшысының айтуынша, ЭКСПО кезінде Астана қаласында төрт ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылмақ. 
Облыстық ауыл шаруашылық басқармасының мәлімдеуінше, үш ай аралығында қарағандылық тауар өндірушілер Астанаға 6 мың тонна нан мен нан өнімдерін, 300 тоннадан астам сиыр етін, 1300 тонна сүт және сүт өнімдерін, 38 тонна қымыз бен шұбат жібереді. Негізгі қымыз жеткізуші ретінде Жаңаарқа ауданының Қоңыров жеке кәсіпкері анықталған. 
Қарағандылық кәсіпорындар ЭКСПО құрылысында пайда көрген. Жергілікті жеткізушілер онда құрылыс материалдарын тасыған. Жобалық ұйымдар да өз қызметтерін көрсеткен. Кәсіпкерлік басқармасының мәлімдеуінше, облысымыздың 29 кәсіпорны 9,5 млрд. теңгеге өнім жеткізген, ал 7 компания 257,5 млн. теңгеге қызмет көрсеткен. 
Қарағандылықтар Экспо қонақтары мен елорда тұрғындары үшін көріністер әзірлеп жатыр. Қыркүйектің 4-і мен 9-ы аралығында Астана қаласында Қарағанды облысының мәдениет күндері өтеді. Екі мыңнан астам адам қатысатын ауқымды бағдарлама әзірленіп жатыр. 

Соңғы жаңалықтар